Ақтөбеде ауыл тұрғыны көлігімен бірге суға ағып кете жаздады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылындағы өткелден өтпек болған көлік иесімен бірге суға ағып кетуге шақ қалды. Оны шығаруға трактор қажет болды.

Фото: Видеодан кадр

Оқиға 23 наурыз күні Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі Шеңбертал ауылының жанындағы Пұшыған өткелінде болды.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы бойынша қазір 15 елдемекенде су басу қаупі әлі сейілмеді.