Ақтөбеде аула сыпырушы кәсіпкер болып кетті

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеліктер «Бастау» жобасымен дәстүрлі емес шаруашылықты меңгеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» ҰКК-ның Қобда аудандық филиалы 42 жастағы АлександрКрасильниковтің бизнес бастауына көмектесті. Ауыл тұрғыны алдымен кәсіпкерлікнегіздерін оқып, хоббиін табысқа айналдырды.

«Өзімді қызықтыратын саланы кәсіпке айналдыруға бел будым. Алғашында біромартадан бастап, 50 мың ара ұстадым. Қазір алма бағында төрт үйшік, онда 200мың ара бар. Шөптің түрі көп, тіпті мақсары алқабына ара жіберіледі. «Медовик»кооперативінің белсенді мүшесі болып алдым. Ал оған дейін ауыл мектебінің ауласыпырушысы болып еңбек еттік. Жаңа іс бастау туралы ойламаған едім. Көз қорқақ,қол батыр екен», - деді Александр Красильников.

Омарташы өзі өндірген балды брендке айналдыруды көздеп отыр. Биылшаруашылығын кеңейтіп, үздіксіз тапсырыс қабылдады.

«Балдың емдік қасиетін көп адам біледі. Әрі таза өнімді дүкеннен табу қиын.Алдағы уақытта арнайы құтыға салып, атауымен сатылымға шығарғым келеді», - дедікәсіпкер.

Айта кетейік, «Бастау» жобасы Ақтөбенің Қобда ауданында 2018 жылы алғаш ретіске асырылды. Барлығы 91 адам оқып, 22-сі несие алып, ісін бастады. Оларға 62миллион теңгеден астам қаржы берілді.

Қобда ауданы бойынша тренер Базархан Құлмановтың айтуынша, биыл 70 тұрғынкәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Білім алғандардың кейбірі ісін бастап кетті.2018 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында қолға алынған «Бастау» жобасына 2 мыңнанастам ақтөбелік қатысты. Оның 500-ден астамы несие алып, кәсіп бастаған.