АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Шұбарқұдық ауылының маңы мен теміржол бойындағы құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге арнайы мамандар мен пойыз жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде күн қатты ысып, ауыл маңынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер түні бойы қызыл жалынды өшірді.
«Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылынан 12 шақырым қашықтықта, Ақтөбе-Атырау темір жолы және орман көшеттері бойындағы құрғақ шөп жанды. №13 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 6 адам, 1 автокөлік, Шұбарқұдық ауылдық округінің еріктілерінен 24 адам, 5 автокөлік, Ақсайдан 7 адам, 1 техника, Кеңестудан 10 адам, 2 техника, Шұбарқұдық станциясынан 1 өрт сөндіру пойызы және 14 адам жіберілді. Бүгін сағат 02:55-те өрт сөндірілді. Барлығы аудан әкімдігінің бақылауында»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.