Ақтөбе облысы бойынша өткен жылы барлығы 200 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Өсімдік шаруашылығында минералды тыңайтқыштарды қолдану 2,5 есе артып, арамшөпке қарсы химиялық өңдеу жұмысы 42 пайызға артты. 2017 жылы егін де бітік шығып, шаруалар әр гектарынан 13,4 центнер астық жинады. Барлығы 512 мың тонна астық алды. Бірақ ауыл шаруашылығы саласында қиындықтар мен кедергілер әлі бар.
«Көктемгі егіске 43 мың тонна дәнді дақыл тұқымы керек болса, оның бәрі толық қамтамасыз етілді. Тұқымдар сынамадан өтіп, дайындалды. Өңірге 65 тонна майлы дақыл тұқымы жетпей тұр. Тұқым Шығыс Қазақстан мен шетелден жеткізіледі деп күтілуде. Картоптың 267 тонна тұқымы жетпейді. Қажетті тұқымды жергілікті ауыл шаруашылы өнімін өндірушілер мен ресейлік шаруалардан аламыз. Бір айта кететін жайт, Ақтөбеде ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы ТМД елдерінен шығарылған. Астық жинайтын комбайндар мен тракторлар 18-20 жылдан бері қолданылып келеді. Ал олардың жарамдығылы бар болғаны 8-10 жыл болып тұр. Қолда бар трактордың 89 пайызы тозды. Өткен жылы 903 трактор мен 50 комбайн есептен шығарылып, шаруалар 115 техника сатып алды»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин.
22:20, 25 Қаңтар 2018
Ақтөбеде ауыл шаруашылығы техникаларының 89 пайызы тозған
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде комбайндар мен тракторлардың 89 пайызы тозған. Шаруалар өткен жылы бар болғаны 115 техника сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.