Ақтөбеде ауырып, рульге ие бола алмай қалған жүргізуші көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында көлік ағашқа соқтығысып, жүргізуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының орталығында болды. «Ваз-111130» маркалы автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі ауыл жолымен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, ағашқа соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші Мәртөк ауданының ауруханасына жатқызылып, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды. Жүргізуші көлік жүргізу кезінде ауырып, рулді басқара алмай, талға соғылған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Жол-көлік ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, көлік жүргізушісі мүгедектігі бар адам болған.