Оқиға Ақтөбе-Орск тас жолында болды. Қаланың Кеңес Нокин ауылына баратын қоғамдық автобус жүк көлігімен соқтығысты.
"Оқиға орнында бір адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Оның үшеуі кәмелет жасқа толмаған бала. Қылмыстық іс қозғалды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
"Біздерге 9 адам жеткізілді. 56 жастағы әйел аурухананың политравма бөліміне жатқызылды. Оның миы шайқалып, қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Тағы бір насқас хирургия бөлімінде жатыр. Өзгесі үйлеріне жіберілді", - деді аурухана бас дәргерінің орынбасары Азамат Әскербекұлы.