АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы тіркеліп, автобус жолаушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 15 шілде күні Нұр-Ақтөбе ықшам ауданында тіркелді. «ВАЗ-2110» көлігі мен автобус соқтығысып, тағы бір жеңіл көлікпен түйісіп қалды.
«Автобус екі жеңіл көлікті соқты. Жол апаты кезінде қоғамдық көлік жолаушысы құлап, дене жарақатымен ауруханаға түсті. Оның сол қолы сынды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.