АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылында көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Әйтеке би ауданы, Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді. Ал 3 жасар бала өртеніп кетті.
«Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ескерту жасаймыз. Баланы қадағалап отыру керек. Сонымен бірге балаларға қарапайым сақтық ережесін, қауіпсіздік туралы жиі айтыңыз. Жазатайым оқиғалар көбіне қайғылы аяқталып жатады»,- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.