«17 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестерімен бірлесіп, 16 тамыз күні 1995 жылы туған әйелге қатысты қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында 2002 және 2003 жылы туған БҚО-ның екі тұрғынын ұстады.
Оның бірін Зашаған кентінде, екіншісін Ақжайық ауданында құрықтаған» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, қарақшылар әйел адамның 2000 АҚШ доллар ақшасын және 3 ұялы телефонын, Air Pods құлаққабын ұрлап кеткен.
Ұрланған ақшалай заттар, 1 ұялы телефон және Air Pods құлаққабы тәркіленді. Тергеу жұмыстары басталды.
21:42, 17 Тамыз 2023
Ақтөбеде әйел адамға қарақшылық шабуыл жасаған екі жас жігіт ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде әйел адамды тонап кеткен екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.