Күдікті көшенің қуыс жерін әдейі таңдап, адам аз жүретін сәтті пайдаланған. Облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тамыз - қыркүйек айлары аралығында 8 адамды тонаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ұрланған зергерлік бұйымдарды тәркілеу үшін жедел-тергеу шарасы жүргізілуде. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша іс қозғалды. Тағылған айып дәлелденсе, жас жігіт 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.