Ақтөбеде балабақша балаларын тамақтандыру үшін мемлекеттік балабақшалар әр күн сайын 400 теңге алады. Ал жеке бақшалар балаларға төрт мезгіл ас әзірлеу үшін күніне 420 теңге есептейді. Бұл баға 2012 жылы бекітілген болатын. Қазір барлық мектепке дейінгі ұйымдарда Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бұйрығы ілінген.
«Балалар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 18:30-ға дейін бақшада болып, тамақтандыру үшін күніне 500 теңге бекітілсін. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында тамақтану үшін төлемді белгілеу туралы 2012 жылғы бұйрығының күші жойылсын», - деп жазылған бұйрықта.
Айта кетейік, Ақтөбеде жаңа жылдан бастап жылу бағасы 7,5 пайызға, тұтынушыларға арналған тауарлы газ бағасы шамамен 20 пайызға қымбаттады.