Ақтөбеде балабақша терезесінен құлап кеткен сәбидің анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде үш жастағы баланың балабақша терезесінен құлап кеткенін тәрбиешілер емес, алдымен құрылысшылар көріп, балабақшаға әкелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш жастағыбаланың жағдайы бірқалыпты, ауруханада ем қабылдап жатқанын жазғанболатынбыз. Бүгін тәрбиешінің жұмыстан шығып кеткені белгілі болды.

«Біздіңбалабақшаның терезесі ашылады. Сол күні бала терезеге мініп, оны ашып, құлапкеткен болуы мүмкін. Тәрбиеші балаларды ұйықтатпақ болып шешіндіреді,кереуеттеріне жатқызады. Сол кезде баланың кетіп қалғанын байқамай қалған.Топта барлығы 22 бала бар», - деді «Нұр Зерек» балабақшасының меңгерушісіАйнагүл Жұмағұлова. Қазір балаларды бақылай алмаған тәрбиеші өз еркімен жұмыстаншыққан. Ал балабақшаның әр терезесіне құлып салынады.

«Санитарлық-эпидемиологиялықталап бойынша терезелерге тор қондыру қарастырылмаған. Тек құлыпталатынболады», - деді меңгеруші.

Ал дәрігерлербаланың жағдайын бақылауда ұстап отыр.

«Ми жарақатыналып, аяғы сынған. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ем қабылап жатыр», - дедіоблыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары СағидоллаДосмағанбетов.

Анасы баласыныңдәрі күшімен ғана жатқанын айтып отыр.

«Егіз баламдыжеке балабақшадан шығарып алып, мемлекеттік-жекеменшік балабақшаға бердім. Бұлжер кең де жайлы көрінді. Сол күні екі балам да терезенің алдында жүрген.Жанына үшінші бала мінген. Сол кезде ұлым Захар құлап кеткен. Екінші баламныңайтуынша ауруханаға да алып кеткен ер адам екен. «Аға» деп отырғанықұрылысшылар. Бала құлап, оны сыртта жүрген құрылысшылар көріп, балабақшағаәкелген. Сол кезде ғана тәрбиешілер жедел жәрдем шақырған», - деді Захардыңанасы Гауһар Шынбаева.

Айта кетейік,балалардың «Нұр Зерек» балабақшасына барып жүргеніне екі ай болған. Қазір осыдерекке қатысты «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасызету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.Балалардың анасы екі ұлын балабақшадан шығарып алды.

Соңғы жаңалықтар