Ақтөбеде балалар үйінің тәрбиеленушісі не үшін хабарсыз кеткенін айтты

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде он күн бойы іздеуде болған жасөспірім ауданнан табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аяла» өмірлік қиынжағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Әлішер Жанзақов 5 шілдедеіз-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Ол 12 жасқа дейін өз отбасында тәрбиеленген. Анасы, үш бауыры бар.

«Анам өзініңата-ана құқығынан айырылған соң мен Алға балалар үйінде, кәмелеткетолмағандарды бейімдеу орталығында, Хромтау ауданында патронаттық тәрбиедеболдым. Анамды 3-4 жыл бойы көрдім. Ал орталықтан ешкімге айтпай, кетіп қалдым.Достарыма бару үшін жол бойы көлік тоқтаттым, ешкім менен ақша сұрамады.Болашақта жобалаушы, дизайнер болғым келеді», - деді Әлішер Жанзақов. Оләлеуметтік желіде өзін іздеп жатқанын біліп, қайтып келуге қорыққан.

«Мені арнайымектепке жібере ме деп қорықтым. Тек достарымды көргім келді, туыстарымдыіздедім. Енді ешқайда кетпеймін жағдайымжақсы», - деді ол.

«Аяла» өмірлік қиынжағдайдағы балаларды қолдау орталығында 40-тан астам тәрбиеленуші бар. Оның25-і қала сыртындағы демалыс лагерінде.

«Әлішер Жанзақовпатронаттық тәрбиеде болды. Ол достарын, туыстарын сағынғаннан кетіп қалғанынайтып отыр. Түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді облыстық білімбасқармасының бөлім басшысы Қайрат дажаров.

Соңғы жаңалықтар