Жұмыстың басым бөлігін облыстық аңшылар және балықшылар қоғамдастығы, «Кочубей И.С.» және «Қуанқанұлы М.» ЖК, «Энергия» жеке шаруашылығы, «Наурыз-СИМ», «Кандула» және «Тұлпар» ЖШС-лары атқарды. Олар Ілек, Темір, Қиыл, Хобда өзендеріне және Малайдар мен Сабандыкөл көлдеріне шабақ жіберді. Бұдан бөлек табиғатқа залал келтірген шаруа қожалықтары да өтеу ретінде шабақ жіберу жұмысын атқарды. Олар: «Айс» ЖШС - 15 мың, «ТНК «Казхром» АҚ - 51 мың шабақты суға жіберді.