Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны несиені өтеу мерзімінің өтіп кеткені турал хабарлама алып, дереу полицияға жүгінді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оны қарызға батырған банк қызметкерлерінің бірі екенін анықтады. Банктің 28 жастағы кредиттік кеңесшісі ұялы телефон сататын дүкенде жәбірленушіні алдап, тауар алуға кредит ресімдеген. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Егер алаяқтық жолмен өз атаңызға несие рәсімделген болса, бірінші кезекте полицияға жүгіну керек. Екіншіден, несие рәсімдеген қаржы ұйымына өтініш жазу қажет. Онда сіз ақша алмағаныңызды, қаражаттан бас тартқаныңызды және ішкі тергеу жүргізуді сұрайсыз», - деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.