АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Екі адам таңда дүкен есігін бұзып кіріп, банк терминалын ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 14 қазан күні сағат 5:00-де тіркелді. Ал полицияға хабар сағат 5:10-да түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері К. Таженов пен С.Сұлтангереев шұғыл жетті.
«Екі белгісіз адам дүкеннің есігін бұзып кіріп, банк терминалын алып кеткен. Жедел іздестіру кезінде күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Шығын көлемі анықталуда», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.