Ақтөбе полициясыжүргіншілердің де жол ережесін жиі бұзатынын айтып отыр. Көбіне ересек адамдарбалаларын белгісі жоқ жерден жетектеп өтіп, жол-көлік оқиғасына тап болыпжатады.
«22 шілде күні «Рено Сандеро» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағыпкетті. Анасы мен баласы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Оқушыдене жарақатын алып, ауруханаға түсті», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісіЕрболат Сарқұлов.
Айта кетейік, тағы бір деректе «KIA K5» көлігі белгіленбеген жерден жолды кесіпөтпек болған жүргіншіні қағып кетті. Қала тұрғыны қолын жаралап, аурухананыңхирургия бөліміне жатқызылды.
13:40, 23 Шілде 2019
Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын көлік қағып кетті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көлік қағып кеткен бірінші сынып оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.