АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Ырғыз ауданы Ақши ауылында 6 жастағы баланың басына мұз түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақши ауылында қайғылы оқиға тіркелді. Су мұнарасының жанында жүрген 6 жастағы баланың басына мұз түсіп, ол оқиға орнында қаза болған.
«Бала 27 қаңтар күні 6 жасқа толған екен. Өкінішке қарай, сол жерде қаза болды. Ауруханаға тек сараптама жасату үшін әкелді. Ашық бас-ми жарақатын алған баланың оқиғасы қайғылы жағдай болып тіркелді», - деді Ырғыз аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлайым Малдығұлова.
Айта кетейік, Ақши ауылы аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.