Ақтөбеде базардан шыққан өртті 14 техникамен сөндірді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Орталық базардан өрт шығып, қызыл жалынды өшіруге 9 техника мен 79 адам жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Орталық базардан өрт шығып, әкімшілік ғимараттың 3-қабаты жанып кетті. Өрт аумағы - 160 шаршы метрді құрады.

«Сағат 16:36-да өрт тұтанғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің 9 техникасы мен 41 қызметкері барды. Сағат 17:13-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болған ешкім жоқ»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.