АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бейіттегі темір қоршаулар мен құлпытастарды ұрлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция қаладағы Сүт зауыты ауданындағы бейтті тонаған тұрғынды қолға түсірді. Оқиға қаңтардың 21-інен 22-не қараған түні болды.
«Полиция қызметкерлері зираттан шығып, Ембі көшесіне қарай бағыт алған шана іздерін байқады. Іздер 40 жастағы ер адам тұратын жеке үйге әкелді. Тексеру кезінде оның үйінен бейіттердегі металл қоршаулар табылды. Ол арнайы ақша үшін тапсырмақ болған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов
Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.