Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр 7 орман өрті оқиғасы тіркелген. Ал биыл өрт қауіпті кезеңде оның саны 11-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 57,1 пайызға артқанын көрсетіп отыр.
— Биыл далалықта 22 жану оқиғасы тіркелді. Ауданы 330 гектарға жуықтайды. Былтырғыға қарағанда жану дерегі 54 пайызға азайды. Ал қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында 5 жану оқиғасы тіркелді. Оның екеуі Ақтөбе қаласында, үшеуі Алға ауданында болды. Полигонға қызмет көрсетуші компания әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды, — деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жалпы өңірде биыл 264 өрт тіркелді. Оның ішінде үй де, көлік те бар. Төтенше жағдайлар қызметі оттың көбіне салғырттық салдарынан тұтанатынын айтты.
Айта кетейік, Орал қаласында Хан тоғайы отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт баған құлап, электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан.