ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облыстық департаменті 9 айдың қорытындысын шығарды. Оның ішінде облыс халқы туралы тың мәліметтер де бар. Өңір тұрғындарының саны 958 мыңнан асты. Оның ішінде 605 мыңнан астамы Ақтөбе қаласында тұрады.
- Биыл қаңтар–тамыз айлары аралығында облыстағы табиғи өсім 6 мың адам болды. Осы аралықта 9,7 мың бала дүниеге келіп, қайтыс болғандар саны 3,7 мың адамға жетті. Сонымен бірге 2025 жылғы қаңтар–тамыз айларымен салыстырғанда табиғи өсім 11,1 пайызға, туу көрсеткіші 7,1 пайызға төмендеді. Халықтың жыныстық құрамына келсек, ерлердің үлесі 49,2 пайызды, әйелдердің үлесі 50,8 пайызды құрайды,- деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облыстық департамент басшысы Айбек Ғалымжанов.
Тағы бір дерек, өңірде отбасын құрғандар саны азайды.
- Биыл сегіз айда облыста 3 211 неке тіркелді, ал ажырасу саны 1 498-ді құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда неке саны 10,4 пайызға азайып, ажырасу саны 9,9 пайызға өсті,- деді Айбек Ғалымжанов.
Бұған дейін ажырасу балалардың психикасына қалай әсер ететіні және оны қалай жеңілдетуге болатыны туралы жазылды.