АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде боран, кейбір жердегі жаңбыр салдарынан жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысында күн жылына бастады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Ембі-Шалқар тасжолы жабық. Желдің жылдамдығы 20 м/сек жетті. Боран болып тұр.
«Ақтөбе-Атырау тасжолының Қарауылкелді-Атырау аралығы көктайғақ салдарынан жабық»,- деп хабарлады облыстық ТЖД.
Айта кетейік, Қазгидрометтің хабарлауынша, жексенбі күні Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.