Оның айтуынша, ағымдағы жылы тұтастай алғанда 30 км-ге жуық жол жөнделіп, көпірлер мен жаяу жүргіншілер жолы салынады.
«Жұмыс көлемінің үлкендігін, сондай-ақ, объектілердің күрделілігін ескере отырып, барлық жұмыстар әдеттегі мерзімінен ерте басталды. Көптеген объектілерге техника сәуір мен мамырда жеткізілді. Жұмысқа 8 мердігерлік ұйым тартылды», - деді Ілияс Испанов.
Облыс орталығында Тургенев көшесін Ғ.Жұбанова көшесімен қосатын автожолды қайта жарақтандырылуда. Жалпы алғанда, 5,7 км автожолды қамту жоспарланып отыр.
3 жаяу жүргіншілер жолы салынып жатырі. Одан басқа, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңартылуда. Оның көмегімен қаланың көше-жол желісіндегі көлік ағыны мен бағдаршам нысандарын реттеуге болады. Қазіргі уақытта жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне 87 бағдаршамның 65-і немесе 75%-ы қосылды.
Ілияс Испанов жол-көлік қозғалысы бұзушылықтарын онлайн тіркеуге мүмкіндік беретін, автокөлік ағынын және тұтастай алғанда, қаланың қауіпсіздігін бақылайтын «Смарт сити» бейне бақылау жүйесін орнату жөнінде де әңгімеледі.