АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Боранды күні Самара-Шымкент тасжолында жүргізушілер төбелесіп қалды. Бірі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті.
Оқиға 6 ақпан күні тіркелген. Самара-Шымкент автожолында жүргізушілер төбелесіп қалады.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда шетелдік алты жүргізуші қазақстандықты жабылып ұрып, өлтіріп қойғаны айтылады.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан біреуі жараланып, ауруханаға түскен. Ешкім жан тапсырмаған.
Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Жәбірленушіні ұрып, жаралаған күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қалған күдіктілерді анықтап, ұстау үшін шара қабылданған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.