Ақтөбеде боранды күні далада қалғандар құтқарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде кеше бірнеше бағытта жол жабылып, құтқару жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарғалы ауданы Бадамша ауылынан 7 шақырым жердегі серіктестік жұмысшылары далада қалып қойған. Шақырту орнына құтқарушылар жіберіліп, 4 жұмысшы құтқарылды. Олар Бадамша ауылына жеткізілді.

Сонымен бірге Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауылынан 80 шақырым қашықтықта жол-көлік оқиғасы болып, құтқарушылар бір адамды ауылға жеткізді.

«Құтқату жұмыстары Хромтау ауданы Абай ауылы аумағында да жүргізілді. Жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Оқиға орнына 3 адам техника жіберілді. Toyota Land Cruise маркалы жеңіл автокөліктің жолдан шығып кеткені анықталды. Құтқарушылар көмегімен 5 адам, оның ішінде 3 балаға көмек көрсетілді. Ақтөбе облысының ТЖ департаменті ауа райының өзгеруін қадағалауды, ескерту кезінде жолға шықпауды ұсынады»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.



Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі