АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.
Нефролог Абай Айсағалиевтің туыстары оны 23 мамыр күні үйден шығып, қайта оралмағанын полицияға хабарлаған. Кейін еріктілер де іздеу жұмыстарын жүргізді.
Еске салсақ, Ақтөбеде екі баласын тұншықтырып өлтірген ананың ісі сотта қарала бастады. Қазір 29 жастағы айыпталушы Талғар психологиялық ауруханасында ем алып жатыр. Ал сот-медициналық сараптама кезінде балалардың механикалық асфиксиядан көз жұмғанын анықтады.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.