«Биыл 9 наурыз күні түнгі сағат 03:10-да Ақтөбе қаласының Шайкенов көшесінде орналасқан букмекерлік кеңсенің ғимаратында белгісіз екі адам пышаққа ұқсас затпен қорқытып, 120 000 теңге және ішінде 50 000 теңге ақшасы бар кассирдің әмиянын алып кеткен», - делінген хабарламада.
27 наурызда полиция қызметкерлері осы қарақшылыққа қатысы бар деген күдікпен облыс тұрғыны ұстап, одан жауап алынды. Қазір екінші күдіктіні ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.