Пандемия басталғалы Ақтөбе облысы бойынша 32 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бүгінде олардың 92,5 % жазылды.
«Бір тәулікте 90 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Сейсенбіде 44 адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетті. Демек коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің әлі де құбылмалы екенін көруге болады. Қазіргі кезде әлі де 10 мыңнан астам адам үй карантинінде. Олар екі апта бойы оқшауланады», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, инфекциялық стационарларда адам саны азайған. Қазіргі кезде 600-ден астам адам ем қабылдап жатыр.