АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дала өртін сөндіріп жүрген Сұлукөл ауылының әкімі Батырбек Бірлепесов пен мектеп мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов қаза болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«4 қыркүйек күні Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылынан 18 шақырым қашықтықта дала өрті тіркелді. Өртті сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. 41 жастағы ауыл әкімі оқиға орнында қаза болды. Ал екі адам Әйтеке би аудандық ауруханаға жеткізілді. 39 жастағы мұғалім ауруханада көз жұмды. Үшіншісі ем алып жатыр. Осы оқиғаға байланысты сот медициналық сараптама тағайындалды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.
Айта кетейік, қазір Қылмыстық кодекстің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.