Самара - Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Ақжар ауылы маңында жүк көлігі жатып кетті.
- Тәжікстан Республикасы азаматының басқаруындағы Мерседес жүк көлігі жүріп келе жатып өртенді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеу-Худжанд бағытында шыққан көлікте 20 тонна азық-түлік дәмдеуіші болған. Қазіргі кезде өрт сөндіру жұмысы жүріп жатыр. Ал жолда жүк көліктерінің кептелісі пайда болды.