АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Даму» қорының ғимараты опырылып, бір қызметкер үйінді астында қалған болатын. Ол есін жимастан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде үйінді астында қалған қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады.
«Ауруханаға екі науқас жеткізілді. Біреуіне көмек көрсетіп, үйіне жіберілді. Ал екіншісінің жағдайы өте ауыр болды. Есін білмеді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кеуде, бас-ми жарақаты болды»,- деді облыстық жәдел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов. 33 жастағы әйел есін білместен көз жұмды.
Айта кетейік, осы оқиға байланысты Қылмыстық кодекстің «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.