Ақтөбеде дауылдан кейінгі ауылдың қазіргі күйі көрсетілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Эвакуациялық бекетте 10-ға жуық адам бар. Олар мектеп-интернатқа орналасты.

Фото: Видеодан алынған скрин

Байғанин ауданы орталығындағы Қарауылкелді ауылында қатты дауыл мен нөсер жауыннан спорт кешенінің қабырғасы ұшып, орталық мешіттің шатырына зақым келді. Сонымен бірге 6 дүкен де бүлінді. Қазіргі кезде қанша үйдің шатыры ұшқаны әлі белгісіз күйінде қалып отыр. Сонымен бірге қора, сарай мен шарбақ да ұшып, құлап қалған.

Фото: Видеодан алынған скрин

- Эвакуациялық пунктке келдік. Мұнда 7 адам бар. Қолдау болады, бүкіл шығын өтеледі. Арнайы комиссия келіп, штаб құрылды. Ең бастысы біз үшін – халықтың амандығы, денсаулығы. Тұрғындар ауызбіршілігін көрсетіп, бір-бірін қолдап жатыр,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов.

Фото: Видеодан алынған скрин

Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, су және электр желісін іске қосу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Фото: Видеодан алынған скрин

- Қарауылкелді ауылында болған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан бірқатар ғимарат зардап шекті. Оның ішінде әкімшілік ғимараттар, бизнес субьектілерінің нысаны және жеке тұрғын үйлер бар. Арнайы комиссия зардап шеккен үйлер мен кәсіпкерлердің шығынын анықтап жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сай барлық коммуналдық қызмет ауданға келіп, жұмыс істеуде,- деді ол.

Фото: Видеодан алынған скрин

Ал тұрғындар болса аяқ астынан дауыл көтеріліп, әп сәтте бәрін ұшырып әкеткенін айтты.

Фото: Видеодан алынған скрин

- Мен шағын ғана үйде отырдым. Ол құлап қалды. Қора да құлады. Жаңбыр сағат 16:00-ден бастап жауды. Мұндайды көргенде қатты қорқып кеттім. Қазір үйсіз қалып отырмын. Қазір адамдар көмектесіп жатыр,- деді ауыл тұрғыны Ақмарал Дүкенова.

Фото: Видеодан алынған скрин

Еске салсақ, кеше Ақтөбеде қатты дауыл кезінде мұнара құлап, үш адам зардап шекті.

Дауыл кезінде зардап шеккен жүкті әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Фото: Kazinform
Фото: Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин