Ақтөбеде Досжан ишан мешітін қалпына келтіру жұмыстарына дайындық басталды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Темір ауданындағы Досжан ишан мешіті қалпына келтіріледі. Мамандар мешіт құрылысы кезінде пайдаланылған материалдарды зерттеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанныңкиелі жерлер географиясына енген Ақтөбедегі 10 нысанның бірі - Досжан ишанмешіті. Бұған дейін тарихи орынды сақтап қалуға қаржы тапшылығы қолбайлауболғанын жазғанболатынбыз. Ал биыл зерттеу жұмыстары басталды.


«Қазақстанныңкиелі жерлер географиясы» жобасы аясында облыс аумағындағы«Ескерткіштерді сақтау және қайта қалпына келтіру» бағыты бойыншабірнеше тарихи-мәдени нысанда реставрация-консервация жұмыстары жүргізілетінболады. Қазір ауылдық жерлерге және жолға жақын орналасқан облыстағы үшескерткішті қалпына келтіруге байланысты жобалық-сметалық құжат әзірлеужұмыстары басталды. Солардың бірі - Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылынан 5 шақырымқашықтықта орналасқан ХІХ ғасырдың сәулет өнері саналатын әйгілі Досжан ишанмешіті. Аталған ескерткішке археологиялық қазба жұмыстарын Ә.Марғұлан атындағыархеология институты жүргізіп жатыр. Мақсаты - мешіттің жан-жағын қазу, тазалауарқылы конструкциялық негізін, неден тұрғызылғанын, ескерткіш деңгейлерініңөлшемдерін және құрылыс материалының түрін анықтау. Қазба-зерттеу нәтижесіндежоспар сызбалары жасалады. Археолог-мамандар қазір ескерткіш басында қызу жұмысүстінде. Біздің орталық тарапынан мамандар тартылған«, - дедіТарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының бас инспекторыБақытжан Қалнияз.

Айта кетейік,жаңа тағайындалған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаеварнайы барып, жұмыс барысымен жақын танысты. Алдағы уақытта облыстық бюджет есебіненДосжан ишан мешіті қайта қалпына келтірілуі мүмкін.

Үш нысанның біріДосжан ишан мешіті болса, кейінгісі Ырғыз ауданындағы Алмат тамы (XIX ғасыр),Шалқар ауданындағы Балғасын мешіті (ХІІІ-ХVIII ғғ).

Соңғы жаңалықтар