АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қарғалы ауданының орталығы Бадамшада дүкен сатушысын өлтіріп кетті. Күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 14 тамыз күні болды. Бадамша ауылындағы азық-түлік дүкенінің сатушысы бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қаза болған.
«Жедел іздестіру нәтижесінде Хромтау қаласында екі күдікті ұсталды. Олардың бірі сол қаланың тұрғыны болса, екіншісі Бадамша ауылының азаматы. Қазір екеуі де қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді облыстық ПБ баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.