Оқиға бүгін Самара — Шымкент тасжолында болды. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен ГАЗель автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ГАЗель аудан мен облыс орталығы арасында жолаушылар тасымалдаған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД ресми парақшасы.
Қазір жедел тергеп-тексеру үшін тергеу тобы құрылды.
Айта кетелік БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді.