АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Өңірде 45 және 49 жастағы екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласынан 32 шақырым қашықтықта орналасқан өзеннен 49 жастағы тұрғынның денесі табылды. Оны куәгерлер 1,5 метр тереңдіктен алып шыққан.
«Сонымен бірге Ақтөбе қаласы Сүт зауыты ауданындағы жасанды су қоймасынан 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны құтқарушылар 2 метр тереңдіктен алып шықты. Қазіргі кезде көз жұмған адамның кім екені анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 20 адам суға батып кетті, оның төртеуі бала.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.