Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінің жағасында екі адамның денесі табылып, тергеу басталды. Қазіргі кезде барлығы 13 адам күдікке іліккен.
Қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталып, соттың қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.
«Барлығы 13 адам қамауда отыр. Ұсталғандардың басқа қылмысқа да қатысының бар-жоғы тексеріледі. Сонымен қатар осы ауыр қылмыс туралы хабарламаған және уақтылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамаған түнгі клуб директоры ұсталды. Бұл клубтың лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Сондай-ақ алдағы уақытта полиция департаменті барлық көңіл көтеру орнын тексереді.
Азаматтардың қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуын міндеттейді.
Ақтөбе қаласында екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінгендердің үшеуі елордада ұсталды.
Фото: polisia.kz