Ақтөбелік полицейлер «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеру мақсатында 2-15 ақпан аралығына тексеруді күшейтті.
'Жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз айналымнан 17 дана атыс қаруы (ойық қару-1, тегіс ұңғылы қару-14, газды қару-1, электрлі қару-1) және 2 дана тегіс ұңғылы қарудың патрондары алынды. Тіркелген атыс қаруы иелерінің тұрғылықты жері бойынша 700-ден астам адам тексерілді. Тексеру нәтижесінде 293 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 19, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 179 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 95«,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Сондай-ақ, аудандық бөлімше қызметкерлері шаруа қожалықтарында атыс қаруын заңсыз сақтау фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізді.Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкертан босатылатынын еске салды.