АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Бестамақ ауылы маңына екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 12:15-те «Ақтөбе-Астрахань» тасжолы бойында «Тойота-Ипсун» және «Лада-Ларгус» көлігі соқтығысты.
«Алдын ала болжам бойынша, «Тойота-Ипсун» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп «Лада-Ларгус» көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Аудандық ауруханаға бес адам жеткізіліп, тағы үш адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.