Ақтөбеде екі қызды пышақтаған күдікті іздестіріліп жатыр

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы маңындағы Құршасай ауылында екі қызды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 11:00 шамасында болған. Екі қыздың пышақталғаны туралы ақпарат «102» телефоннөміріне келіп түскен.
«Күдіктініңкім екені анықталды. Ол пышақ жарақатын алған қыздардың танысы болып шықты.Бір-бірін жек көрген. Қазір жедел-іздестіру шарасы өтіп жатыр. Күдіктініңжүйке аурулары ауруханасынан қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөзжетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ведомство мәліметінесәйкес, күдікті Азамат Кальменов 28 жаста.

Ақтөбе облыстықмедицина орталығынан хабарлағандай, екі науқасқа ота жасалды, жағдайларытұрақты. Пышақ бірінің арқа тұсына тиген.

Соңғы жаңалықтар