Оқиға 18 желтоқсан күні болды. Самара-Шымкент тасжолында Мәскеу қаласының тұрғыны «Форд-фокус» автокөлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, рөлге ие бола алмай қалды. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан «Volvo FH» көлігімен соқтығысты. Көлікті Қырғызстан азаматы жүргізген.
«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Форд-фокус» автокөлігінің жолаушысы Хромтау ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, ал жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.