Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Темір ауданы, Кеңқияқ ауылында екі жеңіл көлік соқтысып, жүргізуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін аудан тұрғыны «ВАЗ-2112» көлігімен Шұбарши ауылынан Кеңқияққа келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан 59 жастағы жүргізуші көз жұмды.

«Екінші жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасына жатқызылды. Медициналық қорытынды кезінде «ВАЗ-2114» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.