Облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов жұмысы мен отбасын қатар алып жүрген нәзік жанды полиция қызметкерлерін құттықтады. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің жұбайларын да ескерусіз қалдырмады.
«Ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде әйелдер жұмыс істейді. Олар күрделі қылмыстық істерді тергейді, қылмыстарды ашады, зерттеулер жүргізеді, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Бала тәрбиесі мен жұмысын қатар алып жүргендері үшін алғысымыз шексіз», – деді Атығай Арыстанов.
Жиын кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Автоматтандыру және байланыс тобының инспекторы Әсел Дулатбаеваға ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі, Ақтөбе қаласы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Айымгүл Бектыбаеваға «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.
ІІМ Құрмет грамотасы Кадрлық саясат басқармасының полиция аға лейтенанты Фазкуллина Радинаға берілді. ІІМ грамотасы тағы 2 адамға табыс етілді және 3 қызметкерге алғыс жарияланды. Сонымен қатар, 3 қызметкер ҚР ІІМ алғыс хатымен марапатталды.
Полиция департаментінің бастығы А.Арыстановтың бұйрығымен тағы 9 қызметкер марапатталды. Әрі 4 қызметкерге қолданылған жаза алынып тасталды.