Ақтөбе облыстық полиция қызметкерлері жұмыс уақытында үйлерді аралап, есік қағып, ешкім жауап бермесе үйді тонап жүрген ерлі-зайыптыны ұстады.
«Ерлі-зайыпты үйде ешкім болмайтын уақытты пайдаланып, бағалы заттарды ұрлап кетіп жұрген. Олар терезедегі торды майыстырып, оңай кірген. Кейін алтын бұйымдар мен ақша, ыдыс-аяқты алып кетті. Күдіктілер арнайы киім киіп алған. Өздерін коммуналдық сала қызметкерімін деп таныстырған», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың басқа да қылмыстық іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олар тергеу аяқталғанша қамауда отыруы мүмкін.