Қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы Хайдар Ермашевтің айтуынша, «Жәнібек Сервис» ЖШС қызмет көрсететін ескі лифттер ғана өшірілген. 28 жастағы журналист келіншектің ажалына себеп болған лифтіге де осы компания қызмет көрсетіп келген.
«Жәнібек Сервис» ЖШС қызмет көрсететін ескі лифтілер ғана өшірілді. Тергеу және сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбе қаласында 28 жастағы келіншек 3 жасар қызымен лифтіге кіріп, қайғылы қазаға ұшырады. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 278-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті.
фото:pressa40.ru