Ақтөбеде гараждардың бірінен жүз келіден астам есірткі табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде гараждардың бірінен полицейлер жүз келіден астам есірткі заттарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Stefan Puchner/Getty Images

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 кг), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылды және тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды

Қазіргі уақытта тінту шаралары жалғасуда.