АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында гаражда тұрған газ баллоны жарылып, екі адам дене күйігімен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін сағат 11:42-де Ақтөбе қаласының Тілеу батыр көшесінде тіркелді. Гараж ішінен гүрс еткен дыбыс шығып, кейін өртенді.
«Газ баллоны жарылып, 10 шаршы метр отқа оранды. Өрт сағат 11:58-де толық сөндірілді. Нәтижесінде 80 жастан асқан гараж иесі мен оның 25 жастағы көршісі зардап шекті. Екеуі де ауруханада ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.