Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің 107 студенті екінші курсқа көшпей қалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің 107 студенті екінші курсқа көшпей қалып, ата-аналар өз талабын қойды. Олар балаларын Қ.Жұбанов өңірлік университетінің грантына қабылдауды сұрап отыр.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің екінші курсына көшпей қалған студенттердің ата-аналары өз талабын қойды. Олар биыл 23 тамызда ғана ата-аналарға хабар берілгенін, бір жыл уақыты босқа кеткенін айтып шағымын жеткізді. 

Еске салсақ, былтыр Ақтөбеде әлемнің жетекші университеттерінің бірі Хериот-Уотт университетінің (Heriot-Watt University) филиалы ашылды. Жоғары оқу орны өз жұмысын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Хериот-Уотт университетінің ынтымақтастығы аясында бастады