Бір тәулікте 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі кезде инфекциялық стацинарларда 67 адам жатыр. Оның 11-і жақсақтау бөлімінде. Науқастардың бесеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 оқушы дәрігерлер бақылауына алынды. Бәрі үйінде, ауруханада жатқан ешкім жоқ. Сонымен бірге вирус жұқтырған бес жүкті әйелдің төртеуі ауруханада жатыр. Инфекциялық кереуеттер жүктемесі - 35%, ал реаникациядағы төсек-орын жүктемесі - 29% құрап отыр. Науқас саны азайып, кереует саны қысқартылды. Вирус жұқтырғандар облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта емес, қала сыртында орналасқан инфекциялық аурухана бөлімшесінде ем қабылдайды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Айта кетейік, Ақтөбеде 2892 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 1700-ден астамы жасөспірім. Ал 3346 адам ревакцинадан өтті.
«Ақтөбе облысы «жасыл» аймақта. Мектеп пен балабақшада жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болады. Тек әр топ, сынып өз ішінде атап өтеді. Ата-аналар қатыса алмайды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.